Угандада Эболадан 21 кісі мерт болды

Сирек кездесетін және Судан штаммы аталған Эбола вирусы елде 19 қыркүйекте 24 жастағы адамда анықталды.

1884416
Угандада Эболадан 21 кісі мерт болды

Угандада Эбола індетінен қайтыс болғандар саны 21 кісіге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Эммануэль Айнебиона елде Эболадан 21 адамның қайтыс болғанын, науқастанған адам санының 34-ке жеткенін мәлімдеді.

Айнебюнаның айтуынша соңғы науқастар Кассанда және Кьегегва аймақтарында анықталған.

Сирек кездесетін және Судан штаммы аталған Эбола вирусы елде 19 қыркүйекте 24 жастағы адамда анықталды.

Вирустың таралу орталығы Конго Демократиялық Республикасынан Уганда астанасы Кампалаға баратын тас жолда орналасқан Мубенде аймағы екені жарияланды.

Эбола 2013 жылдың желтоқсан айында Батыс Африкада тараған болатын. 2014-2017 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде байқалған індетте 30 мың адам вирус жұқтырған, ал науқастардың 11 мыңнан астамы қайтыс болған.



Ұқсас жаңалықтар