Олаф Шольц коронавирус жұқтырып алды

Ол кездесулерге онлайн түрде қатысады.

1884654
Олаф Шольц коронавирус жұқтырып алды

Германия канцлері Олаф Шольц коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) жұқтырғаны хабарланды.

Германияның DPA ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, үкімет өкілі Штеффен Хебестрейт премьер-министр Шольцтің вирус жұқтырып алғанын білдірді.

Хебестрейт канцлер Шольцтың премьер-министр ғимаратындағы пәтерінде оқшауланғанын айтты.

Премьер-министрдің осы аптаға жоспарланған қоғамдық кездесулері тоқтатылды, бірақ ол кездесулерге онлайн режимінде қатысады.

Шольц 24-25 қыркүйекте Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Катарда болды.

Екінші жағынан Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фазер де Twitter-де Ковид-19-ды жұқтырып алғанын хабарлады.      



Ұқсас жаңалықтар