«NASAMS” зымырандық жүйесі келіп жетті

Зеленский «CBS News» арнасында Маргарет Бреннанның сұрақтарына жауап берді.

1884367
«NASAMS” зымырандық жүйесі келіп жетті

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ берген «NASAMS” зымырандық жүйесінің келіп жеткенін айтты.

Владимир Зеленский «CBS News» арнасында Маргарет Бреннанның қонағы ретінде 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина-Ресей соғысындағы соңғы жағдайды жеткізді.

Зеленский АҚШ президенті Джо Байденге және АҚШ Конгрессіне Украинаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. «Біз NASAMS-ты алдық. Бұл әуе қорғаныс жүйелері» деді ол.

Бұл жүйелердің мектептер мен ауруханалар сияқты инфрақұрылымдарды орыс шабуылдарынан қорғау үшін жеткіліксіз екеніне назар аударған Зеленский украиндықтарды үйлеріне қайтару үшін қажетті қауіпсіздік пен қаржылық қолдауды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Зеленский АҚШ-тан танк сұрай отырып, “Егер АҚШ өз көшбасшылығын көрсетіп, бізге танк берсе, Германия және басқа да Еуропа елдері бұны жалғастырар еді. Егер біз АҚШ-тан танк алсақ, еуропалық одақтастар да Украина қалаларын басқыншылықтан құтқаруға көмектеседі деп ойлаймын” деді.

Украина басшысы Ресейдің өз елінің кейбір аймақтарында өткізген референдумдарына да тоқталды. «Бұл - Путиннің бұл соғысты тоқтатпайтыны туралы белгі» деді ол.

Бреннанның «Путин билікте тұрғанда Еуропада бейбітшілік орнайтынына сенесіз бе?» деген сұрағына Зеленский  «Жоқ, бұған бір ғана жауап бар,  жоқ» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар