Иранда тағы бір қыз қаза тапты

Иран қалаларында шерулер жалғасып жатыр.

1884399
Иранда тағы бір қыз қаза тапты

Махса Аминидің Иранда «хиджаб ережелеріне бағынбады» деген себеппен ұсталып, кейін қайтыс болғанына орай басталған шерулер жалғасып жатыр.  Керадж қаласында қауіпсіздік күштерінің оқ жаудыруы кезінде Хедис Нежефи есімді әйел қайтыс болды.

Оппозицияға тиесілі «IranWire» ақпарат сайтының хабарлауынша, 21 қыркүйектегі шерулер кезінде қауіпсіздік күштерінің оқ жаудыруы салдарынан денесінің әртүрлі жерінен жараланған 20 жастағы Хедис Нежефи ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарға қарағанда, оның әпкесі Хедис Нежефидің қайтыс болғанын растады.

13 қыркүйекте Иранның астанасы Тегеранда «моральдық полиция» деп аталатын «Иршад» патрульдері ұстаған соң ауырып ауруханаға жеткізілген 22 жастағы Махса Аминидің 16 қыркүйекте өлімі елде наразылық тудырған еді.

17 қыркүйекте Аминидің туған жері Саккызда жерлеу рәсімінен кейін басталған наразылық шерулері аз уақытта елдің көптеген қаласына тарады.



Ұқсас жаңалықтар