Бангладештегі қайық апатында 24 адам мерт болды

Лауазымдылар оқиғада 24 адамның қаза тапқанын, кемінде 30 адамның жоғалғанын хабарлады.

1884200
Бангладештегі қайық апатында 24 адам мерт болды

Бангладештің Панчагарх аймағындағы Каратоя өзенінде қайықтың батып кетуі салдарынан 24 адам қаза тауып, 30 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Панчагарх полициясының басшылары  Дурга Пуджа фестивалі аясында Маялайя күніне арналған іс-шараға Бадхешвар ғибадатханасына бара жатқандарды тасымалдаған қайық Каратоя өзенінде аударылғанын айтты.

Лауазымдылардың хабарлауынша қайықта әйелдер мен балаларды қамтыған 60-70 жолаушы болған.

Қайықтың Қаратояның орта бөліктеріне келгенде суға батқанын айтқан лауазымдылар оқиғада 24 адамның қаза тапқанын, кемінде 30 адамның жоғалғанын хабарлады.

Лауазым    иелері жоғалғандарды іздестіру-құтқару жұмыстары мен қаза тапқандарды анықтау жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Бангладеште хабар таратқан кейбір ақпарат сайттары қайықта 100-ден астам жолаушы болғанын және олардың кемінде 70-інің құтқарылып, аймақтағы ауруханаларға жеткізілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар