Лавров Батыс елдерін сынға алды

Сергей Лавров Батыс елдерінің Украина соғысын ұзартуға талпынғанын алға тартты.

1883675
Лавров Батыс елдерін сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыс елдері өз елін әлсірету үшін Украинадағы қақтығысты мүмкіндігінше ұзартуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді.

Сергей Лавров Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде (БҰҰ) сөйлеген сөзінде Украинада 8 жыл бойы украин армиясы мен ұлтшыл топтар Донбасс тұрғындарын өлтіргенін, әлі де өлтіріп жатқанын айтты.

Лавров Донбасс тұрғындарының Украина атазаңы кепілдік берген құқықтарын, соның ішінде ана тілі орысшаны еркін пайдалану құқығын қорғауға шешім қабылдағанына, халықаралық құрылымдар Киевті адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін орындауға көндіруге батылдық көрсете алмағанына назар аударды.

Сергей Лавров Ресей армиясы тек Киевтің қарулы күштерімен ғана емес, ұжымдық Батыстың әскери машинасымен де бетпе-бет келіп отырғанын, Батыс мемлекеттері енді өз мақсатын жасырмағанын айтты.

«Олардың мақсаты - Ресейді шығын мен күйреуге қарамастан, әлсірету және әлсірету үшін қақтығысты мүмкіндігінше ұзарту. Мұндай бағыт Батыс елдерінің Украина қақтығысына тікелей араласқанын көрсетеді және олардың соғысқа қатысуш екенін айқындайды. «Ұжымдық Батыстың бұл қақтығысты әдейі қоздыруы да жазасыз қалуда» деді орыс министр.

Лавров сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешті Украина билігін Бучада қаза тапқандардың тізімін жариялауды сұрауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар