Финляндияға ресейліктер ағылып жатыр

Полковник Матти Питканитти алдыңғы күннен бері шекараға 4 мың 800 Ресей азаматы келгенін айтты.

1883381
Финляндияға ресейліктер ағылып жатыр

Финляндия Шекара қорғау ұйымдары Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Финляндияға өткелдердің көбейгенін хабарлады.

Финляндияның "YLE" телеарнасының хабарына қарағанда Еуропадағы Ресеймен ең ұзын шекарасы бар Финляндияға кірген ресейліктердің саны артқаны білдірілді.

Ресей президенті Владимир Путин жариялаған ішінара жұмылдыру шешімінен кейінгі екі күнде, әсіресе түнде Финляндияға 1300 шақырымдық шекарадан өткісі келген ресейліктер санының әдеттегі күндерден көп екені айтылды.

Финляндияның оңтүстігінде және Ресейдің Санкт-Петербург қаласына 170 шақырым жерде орналасқан Ваалимаа және Нуйямаа шекара қақпаларында жолаушылардың шоғырланғаны хабарланды.

Шекарадан өту көрсеткіші артқанымен ерекше жиналып қалу болмағаны да білдірілді.

Финляндия Шекараны қорғау агенттігінің офицері полковник Матти Питканитти алдыңғы күннен бері шекараға 4 мың 800 Ресей азаматы келгенін айтты.

Бұл сан өткен апта үұсас күнде 3 мың 100 кісі болатын.

Еуропа Одағы Комиссиясы Финляндияға халықаралық қорғау туралы өтініш болса, халықаралық ережелер мен құндылықтарға сәйкес рұқсат етілуі керек деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар