Ресей: «Украина тұтқын алмасу бойынша 55 жауынгерді тапсырды»

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1883344
Ресей: «Украина тұтқын алмасу бойынша 55 жауынгерді тапсырды»

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Ресей армиясы, Донецк және Луганск деп аталатын республикалардың қарулы күштерінің мүшесі 55 әскерінің тұтқындарды алмастыру нәтижесінде Ресейге тапсырылғанын хабарлады.

Конашенков Ресей және Украинамен соғыста тұтқынға алынған жауынгерлердің алмасуы туралы ақпарат берді.

Қиын келіссөздер нәтижесінде өзгерістер жасалғанына назар аударған Конашенков «Бүгін түнде Киев режимінің бақылауындағы Украина жерінен өлім қаупі төнген 55 Ресей Федерациясы, Донецк және Луганск Республикасы Қарулы Күштері сарбазы оралды» деді.

Екінші жағынан, Донецк халық республикасы басшысы Денис Пушилин тұтқындарды алмастыру кезінде 215 адамның Украинаға берілгенін хабарлады.

Украинадан Ресейге тапсырылған 56 адамның 50-інің орыс, 5-інің Донбасс әскері екенін айтқан Пушилин, бұл адамдардан бөлек ресейшіл оппозициялық партия «Өмір үшін оппозициялық платформасының» төрағасы Виктор Медведчуктың да қайтарылғанын атап көрсетті.

Медведчук Ресей президенті Владимир Путинге жақындығымен танымал.



Ұқсас жаңалықтар