Пәкістанда су тасқынынан 324 адам қайтыс болды

Су тасқыны салдарынан уәлаят бойынша қоныс аударған 500 мыңнан астам адам көмек лагерлерінде өмір сүріп жатыр.

1883251
Пәкістанда су тасқынынан 324 адам қайтыс болды

Пәкістанның Синд уәлаятында 1 шілдеден бері су тасқынынан туындаған аурулардан 324 адам қайтыс болды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша лауазымдылар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда диарея (іш өту), безгек және тері ауруларының көбейгенін мәлімдеді.

Билік 324 адамның су тасқынынан туындаған аурулардан қаза тапқанын хабарлады.

Синд уәлаятында 48 миллион адам тұрады.

Су тасқыны салдарынан уәлаят бойынша қоныс аударған 500 мыңнан астам адам көмек лагерлерінде өмір сүріп жатыр.

Осы айда уәлаятта 137 мың диарея, 10 мыңнан астам дизентерия және кем дегенде 4 мың безгек ауруы тіркелді.

Көптеген облыстар мен қалаларда, әсіресе Дадуда тасқын су әлі көлшік болып жатыр.

Бұл жағдай халықтың денсаулық сақтау мекемелеріне қол жеткізуіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызуда.



Ұқсас жаңалықтар