"Украинадағы соғыста 5937 орыс сарбазы қаза тапты"

Сергей Шойгу өз елінің Украинамен ғана емес, ұжымдық батыспен соғысып жатқанын атап өтті.

1882688
"Украинадағы соғыста 5937 орыс сарбазы қаза тапты"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы соғыста 5937 орыс сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.

Ел астанасы Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізген Ресей министрі 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина соғысы туралы мәлімдемелер жасады.

Сергей Шойгу өз елінің Украинамен ғана емес, ұжымдық батыспен соғысып жатқанын атап өтті.

Президент Владимир Путиннің ішінара әскери моблизация туралы мәлімдемесіне тоқталған Шойгу ішінара жұмылдырылатындар тек «әскери борышын өтеген, арнайы әскери дайындықтан өткен немесе әскери тәжірибесі бар адамдар» болатынын айтты.

Әскерге шақырылатындардың тек 1 пайызының ғана майданға жіберілетінін атап көрсеткен министр бұл адамдардың алдымен әскери дайындықтан өтетінін білдірді.

Сергей Шойгу сонымен қатар Украинадағы «арнайы әскери операция» кезінде Ресей армиясының 5937 сарбазынан айырылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар