Боррель Украинаға әскери жәрдем беретінін айтты

Жозеп Боррель күн тәртіпке байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

1882034
Боррель Украинаға әскери жәрдем беретінін айтты

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Украинаға әскери көмек туралы шешімді қазан айында қабылдай алатындарын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 77-ші Жалпы кеңесі жиналысы аясында Нью-Йоркте болған Боррель күн тәртіпке байланысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Ресейдің «Украинадан экспортталатын астықтың басым бөлігі Еуропа Одағына барады деген пайымдаулар» жайлы Боррель «Украинадан экспортталған астықтың басым бөлігі мұқтаж елдерге жіберілді. Деректерге қараңыз. Статистикаға қараңызшы. Украина экспортының үштен екісі Африка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне жіберілді» деп көрсетті.

Боррель Еуроодақтың Украинаға әскери көмек көрсету туралы шешіміне де тоқталды.

Жозеп Боррель «Біз бұл шешімді қазан айында өтетін Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде  қабылдаймыз деп үміттенемін. Біз қазан айындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ұсыныс жасай аламыз, бұл өте жылдам шешім болар еді» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар