ШЫҰ мүшесі лидерлерінің баяндамалары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай рухын нығайту өте маңызды» деп көрсетті.

1881005
ШЫҰ мүшесі лидерлерінің баяндамалары
tokayev.jpg
turkmenistan sardar.jpg
reisi.jpg
ozbekistan.jpg
lukasenko.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінің кеңейтілген отырысында сөз сөйледі.

Путин Еуропалық Одақ комиссиясының Ресей тыңайтқыштарын даму жолындағы елдерге жөнелтуге бағытталған шектемесінің күшінен қалдырылуы жайлы үндеу тастады.  

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин де «ШЫҰ мүшелері ынтымақтастықты нығайтуы керек. Біз шетелдік державалардың түрлі-түсті төңкерістерді бастауына тосқауыл қойып, басқа елдердің ішкі істеріне кел келген сылтаумен араласуына қарсы шығуымыз керек» деді.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф болса өз еліндегі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруінен туындап отырғанын айтып, климаттың өзгеруіне қарсы бірлесіп күресуге шақырды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев те ұйымның құрылым жүйесінің кеңейіп, серіктестік қарым-қатынастары дамығанын атап өтте. Мирзиеев Мысыр мен Катарға диалог бойынша серіктес мәртебесі берілгенін, сондай-ақ Беларуське ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі, Бахрейн , Кувейт, Мальдив, Біріккен Араб Әмірліктері және Мьянмаға ұйымның диалог серіктестері мәртебесінің бірілуімен байланысты тиісті үдерістердің басталғанын атап өтті.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди болса, ШЫҰ елдерін бір-біріне транзиттік қолжетімділікті қамтамасыз етуді арттыруға шақырды.

Қырғызстан президенті Сады Жапаров өз елінің 2023-2027 жылдар аралығында таулы аймақтарды дамытудың бес жылдық әрекетін жариялау туралы бастама көтергенін мәлімдеп, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы кеңесінің 77-сессиясында ШЫҰ-ға мүше елдерден қолдау сұрады.

Иран президенті Ибрагим Реиси де «АҚШ халықаралық жүйеге өзінің озбырлығы мен өз еркі бойынша тәуелсіз елдерге тосқауыл қоюға тырысуда» деген сөздер қолданды.

Беларусь президенті Александр Лукашенко болса, Еуропаны Азиямен байланыстыратын қазіргі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалардың уақыты келгенін айтты.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да «ШЫҰ елдерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, бүгінгі күні ұйым аймағында қақтығыстар орын алуда. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ШЫҰ-ның басымдығы болып қалуы керек» деген сөздер қолданды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық проблемаларды шешуде санкция түріндегі репрессиялық әдістердің бірінші орынға шыққанын атап өтті.

Тоқаев «Шанхай рухын нығайту өте маңызды» деп көрсетті.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов өз елінің ШЫҰ-мен көпжақты ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар