БҰҰ Әзербайжан-Армения арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар талқыланды.

1880669
БҰҰ Әзербайжан-Армения арасындағы шиеленіске алаңдаушылық білдірді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Әзербайжан мен Армения арасындағы соңғы күндері күшейген шиеленіске алаңдаушылық білдіріп, екі ел арасындағы атысты тоқтатуға қанағаттанғанын атап көрсетті.

«Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» тақырыбымен жиналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар талқыланды.

Кеңесте сөз алған БҰҰ-ның Саяси бөліміндегі Еуропа, Орталық Азия және Америка бойынша Бас хатшы орынбасары Мирослав Енча екі ел арасында алдыңғы күні жасалған атысты тоқтату келісіміне риза екенін тілге тиек етті.

Енча Біріккен Ұлттар Ұйымының тараптардың бір-біріне қатысты мәлімдемелерін қазірше растай алмайтындарын атап «Дегенмен бейбіт тұрғындарға ықтимал ықпалына қоса біз бұл қауіпті шиеленіске қатты алаңдаймыз және барлық тараптарды шиеленісті бәсеңдету үшін шұғыл және нақты қадамдар басауға шақырамыз» деді.

Осы апта екі ел арасындағы оқиғалардың аймақты тұрақсыздандыру әлеуеті бар екенін анық еске салғанын атап көрсеткен Енча халықаралық қауымдастықтың тараптар арасындағы қазіргі шиеленісті азайта отырып, бейбіт жолмен шешуге бар күш-жігерін аямау керектігін баса айтты.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні және 13 қыркүйек күні азанғы уақытта Армения армиясының Әзербайжанмен шекаралас Даскесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылық жасағанын хабарлаған еді.

Министрлік қақтығыстарда 71 сарбаздың шейіт болғанын жарияласа, Армения премьер-министрі Никол Пашинян 105 армян әскерінің қаза тапқанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар