Зеленский: "400 тұрғын аймағын орыстардан құтқардық"

Владимир Зеленский халыққа күнделікті жолдауында Харьков облысына сапарын аяқтағанын атап көрсетті.

1880373
Зеленский: "400 тұрғын аймағын орыстардан құтқардық"

Украина президенті Владимир Зеленский 400-ге жуық елді мекеннің ресейлік күштерден азат етілгенін мәлімдеді.

Владимир Зеленский халыққа күнделікті жолдауында Харьков облысына сапарын аяқтағанын атап көрсетті.

Бүгіннен бастап бүкіл Харьков аймағының көптеген жерін орыстардан азат етілгенін атап көрсеткен Зеленский «Украиндықтар тағы бір рет көпшілік мүмкін емес деген нәрсені орындады. Операциялардың алғашқы күнінде біздің әскерлер 19 шақырым алға жылжыды. 5 күнге созылған қақтығыс кезінде 110 шақырым жол жүріп өтті. Барлығы 400-ге жуық елді мекен басқыншылардан азат етілді. Бұл аймақта қалған 150 мың украиндық кәдімгі, қауіпсіз, қалыпты өмірдің қандай екенін қайтадан сезінуде» деді.

Украиналық және шетелдік журналистердің азат етілген аймақтарға бара алатынын айтқан Владимир Зеленский «Әлем бұл қирауды көріп, Ресейдің украиндықтарға салған азабын сезінуі керек» деді.

Орыс армиясының Кривой Рог қаласындағы Карачуновск су бөгетін зымыран шабуылымен нысанаға алғанын атап көрсеткен Украина басшысы бөгеттің әскери құндылығы жоқ екеніне тоқталып, Ресей күштерінің бейбіт тұрғындарды нысанаға алғанын атап көрсетті.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар