Арменияда Пашинянға қарсы наразылық шеруі өтті

Шерушілер Пашинянға сенім дауысы бермеуді талап етіп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

1880249
Арменияда Пашинянға қарсы наразылық шеруі өтті

Арменияда Әзербайжанмен майдан шебіндегі арандатушылықтың салдарынан адам шығыны болғаннан кейін премьер-министр Никол Пашинянға қарсы шыққандар үкіметтің отставкаға кетуі үшін бас қала Еревандағы парламент ғимараты алдына жиналды.

Арменияның «NEWS.am» ақпарат агенттігі 44 күнге созылған Екінші Қарабах соғысында (2020) қаза тапқандардың туыс-тамырлары парламент ғимараты алдына жиналып, премьер-министр Никол Пашинянға наразылық білдірді.

Шерушілер Пашинянға сенім дауысы бермеуді және үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Кешкі сағаттан бастап парламент алдындағы шерушілер саны артқандықтан, полиция парламентке апаратын көшені көлік қозғалысына жапты.

Шерушілер парламент ғимаратының есігін сындырмақ болды. Никол Пашинянға қарсы ұрандар тастап, оның отставкаға кетуін талап еткен наразылық білдірушілер полиция тосқауылын бұзып өтпек болды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 12 қыркүйекке қараған түні және 13 қыркүйек күні азанда Армения армиясының Әзербайжан шекарасының Дашкесен, Келбажар, Лачин және Зангилан бағыттарында ауқымды арандатушылықтар жасағанын хабарлаған болатын. Екі елдің әскери бөлімдері арасында қызу қақтығыстар басталып, Әзербайжан 50 әскері шейіт болғанда, Пашинян «Соңғы мәліметтерге қарағанда қазірге дейін 105 сарбаз қаза тапты» деді.



Ұқсас жаңалықтар