Әзербайжан-Армения шекарасы шелісінде қақтығыс болды
Әзербайжан-Армения шекарасында екі елдің әскери жасақтары арасында қызу қақтығыс болды.
1879073

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі кеше кеште Армения армиясының шекараның Дашкесен, Келбажар және Лачын бағыттарында кең көлемде арандатушылық жасағанын хабарлады.
Мәлімдемеде Армения қарулы күштерінің диверсиялық топтарының әртүрлі бағыттағы Әзербайжан армиясының позициялары арасындағы жерлер мен жолдарға мина төсегені хабарланды. Әзербайжан әскерлерінің бұл жағдайдың алдын алу шаралары қолдану барысында қақтығыстар болды.
Әзербайжан армиясының Армения қарулы күштерінің атыс нүктелерін ауыздықтау және қақтығыстың кеңеюіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қолданғаны және арандатушылық операцияларға қатысқан Армения қарулы күштерінің жеке құрамы мен техникасының жойылғаны хабарланды.