Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 51-сессиясы басталды
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 51-сессиясы Женева кеңсесінде басталды.
1878828
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 51-сессиясы БҰҰ-ның Швейцариядағы Женева кеңсесінде басталды.
БҰҰ-ның Аргентинадағы тұрақты өкілі, елші Федерико Вильегастың төрағалығымен өтетін 51-ші сессия 7 қазанға дейін жалғасады.
Кеңесте 80-нен астам рапорт талқыланып, 10-ға жуық ауызша брифинг өткізіледі.
30-ға жуық елдің жағдайы қаралатын 51-ші сессияда Сирия, Шри-Ланка, Эфиопия және Мьянмадағы гуманитарлық және экономикалық дағдарыстар талқыланады.
Сондай-ақ Украинаны тексеру комиссиясы елдегі соңғы жағдай туралы жаңа рапортын Кеңеске ұсынады.