Орыс туристерге шектеу келтіріледі

Ресейлік туристерге Эстония, Латвия, Литва және Польшаға кіруге шектеу қойылады.

1878009
Орыс туристерге шектеу келтіріледі

Шенген визасы бар ресейлік туристерге 19 қыркүйектен бастап Эстония, Латвия, Литва және Польшаға кіруге шектеу қойылады.

Эстонияның «ERR» хабар таратушысы хабарлағандай, Эстония премьер-министрі Кая Каллас баспасөз мәслихатында «Латвия, Литва және Польшамен бірге туристік мақсатта саяхаттағысы келетін Ресей азаматтарына кіруге айтарлықтай шектеу қойғымыз келеді» деді.

Каллас 19 қыркүйектен бастап жүк көлігі жүргізушілері, дипломаттар және гуманитарлық саяхатшыларды да қосқанда орыс азаматтарының кіруіне қауіпсіздік мақсатында шектеулер енгізілетінін атап өтті.

Эстонияның Сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу да Ресей азаматтарына Эстонияға бармауға кеңес берді. «Бұл жерде сізді қарсы алмайды» деді ол.

Ішкі істер министрі Лаури Лаанеметс Шенген визасы бар Ресей азаматтарының 19 қыркүйек  күнінен бастап Эстонияға туризм, спорт немесе мәдени мақсатта кіре алмайтынын айтты. Министрлік осы шешімнен кейін күн сайын келетін 400-500 ресейлік келушілер саны 100-ге дейін азаяды деп есептейді.

 Эстония премьер-министрі Кая Каллас бұдан бұрын «Еуропаға бару - бұл адам құқығы емес, артықшылық» деген еді.

 



Ұқсас жаңалықтар