Пәкістандағы селде 1355 адам қаза тапты

Пәкістандағы муссондық жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 1355-ке жетті.

1877296
Пәкістандағы селде 1355 адам қаза тапты
pakistan sel1.jpg
pakistan sel.jpg

Пәкістанда 14 маусымнан бері жалғасып келе жатқан муссондық жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 1355-ке жетті.

Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің мәліметтері бойынша, жаңбыр салдарынан 1355 адам, оның ішінде 481 бала мен 273 әйел қаза тауып, 12 мың 722 адам жарақат алған.

Жауын-шашын салдарынан 753 мың 187 мал қырылып қалды. 1 миллион 712 мың 514 үй зақымдалды. Оның 564 мың 831-і толығымен қирады.  6 мың 579 шақырым жол, 246 көпір және 173 жұмыс орны жермен-жексен болды.



Ұқсас жаңалықтар