Сомалиде 700-ден астам бала қайтыс болды

Саед аштық және азық-түлік мәселесі басталған кезде жұқпалы аурулардың да жылдам артатынын білдірді.

1876587
Сомалиде 700-ден астам бала қайтыс болды

Ашаршылық туралы ескерту жасалған Сомалиде тамақтану орталықтарындағы 700-ден астам баланың қайтыс болғаны білдірілді.

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ ұйымының Сомалидегі өкілі Вафа Саед қаңтар және шілде айларында азық-түлік және тамақтану орталықтарындағы шамамен 730 баланың қайтыс болғанын хабарлады.  Ол білдірілмеген өлім жағдайлары да қосылғанда көрсеткіштің жоғары болуы мүмкіндігін айтты. Саед аштық және азық-түлік мәселесі басталған кезде жұқпалы аурулардың да жылдам артатынын білдірді.

Саед Сомалидің 2011 және 2017 жылдары екі үлкен құрғақшылыққа тап болғанын еске салды. Ол көмек жұмыстарын жылдамдату керектігін айтты.

БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары және Төтенше жәрдем координаторы Мартин Гриффитс Сомалидің кейбір аймақтарында биыл аштық болуы мүмкін екенін айтып ескерткен болатын.

Азық-түлік және егіншілік ұйымының деректеріне қарағанда Сомалидің 80 пайызы құрғақшылықпен күресіп отыр. Сомали үкіметі елде «төтенше жағдай» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар