Лавров Муттакимен сөйлесті

Кабулдағы орыс елшілігіне шабуыл жасалған болатын.

1876431
Лавров Муттакимен сөйлесті

Ауғанстандағы Талибан әкімшілігінің Сыртқы істер министрі Емирхан Муттаки Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кеше ел астанасы Кабулдағы Ресей елшілігінің алдында жасалған шабуыл туралы телефон арқылы сөйлесті.

Емирхан Муттаки 2 Ресей азаматы қаза болған шабуылға байланысты Сергей Лавровқа көңіл айтып, оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізілетінін білдірді.

Муттаки «Екі жақ та дұшпандардың мұндай келеңсіз әрекеттерінің екі ел арасындағы оң қарым-қатынасқа әсер етуіне жол бермеуі керек” деді.

Лавров болса жарылыстың халықаралық қылмыстық ұйымның әрекеті екенін айтып, онымен күресу үшін күш салуды талап етті.

Ауғанстан астанасы Кабулдың 7-ші ауданындағы Ресей елшілігіне кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында шабуыл жасалды. Кабул полициясының баспасөз хатшысы Халид Задран 2 ресейлік қызметкер мен 4 бейбіт тұрғын қаза болған оқиғада жарақат алған азаматтар да бар екенін мәлімдеді.

Шабуылда елшілік алдында виза құжаттарын күтіп тұрған азаматтар  мен Ресей елшілігінің қызметкерлері нысанаға алынған.

Куәгерлердің айтуынша, виза құжаттарын күтіп тұрғандар – ауған студенттер.

Осы  шабуылды террор ұйымы ДАИШ өз мойнына алды.



Ұқсас жаңалықтар