Пәкістанда қаза тапқандар саны артуда

Пәкістан Ұлттық апатты басқару агенттігі мәлімдеме жасады.

1874994
Пәкістанда қаза тапқандар саны артуда

Пәкістанда 14 маусым күнінен бері жалғасып келе жатқан муссон жаңбырлары салдарынан қаза тапқандар саны 1 мың 208-ге жетті.

Пәкістан Ұлттық апатты басқару агенттігінің дереккөздеріне қарағанда, табиғи апаттан қаза тапқан 1 мың 208 адамның 244-і әйел, 416-сы бала болса, жарақат алғандар саны 6 мың 82-ге ұласты.

Елде 33 миллион 46 мың адам су тасқынынан зардап шексе, 733 мың 488 ауыл шаруашылығы малы қырылды.

Су тасқыны салдарынан республика бойынша 5 мың 63 шақырым жол бұзылды. 243 көпір және 173 сауда орны қирап, 1 миллион 172 мың 549 үйге зақым келіп, оның 436 мың 307-сі толығымен қирады.



Ұқсас жаңалықтар