Нигерде су тасқынынан 75 адам қаза тапты

Шілде айынан бері су тасқынынан қаза тапқандар санының 75-ке жеткені білдірілді.

1874207
Нигерде су тасқынынан 75 адам қаза тапты

Нигерде шілде айының басынан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 75 адам қаза тапты.

Нигер ақпарат агенттігі толассыз жауынның салдарынан болған су тасқынынан 12 мың 739 үйде өмір сүрген 108 мың 346 тұрғынның зардап шеккенін хабарлады.

Шілде айынан бері су тасқынынан қаза тапқандар санының 75-ке жеткені білдірілді.

Нигерде маусым айынан қыркүйекке дейін созылатын жауынды маусымда су тасқыны жиі болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық үйлестіру кеңсесінің мәліметтеріне қарағанда өткен жылы елде орын алған су тасқынынан 77 адам қаза тауып, 250 мың адам зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар