Ресей шабуылдарына тойтарыс берілді

Украина Бас штабы хабарлады.

1870856
Ресей шабуылдарына тойтарыс берілді

Украина бас штабы өткен түнде Луганск облысында ресейлік әскерлердің 5 ірі шабуылына тойтарыс берілгенін хабарлады.

Бас штабтан жасалған мәлімдемеде Ресей әскерлерінің соңғы 24 сағатта Суми аймағындағы екі елді мекенге артиллериялық шабуылдарын тоқтатпағаны және Харьков бағытында екі елді мекенге танк және зымыранмен соққы беруін жалғастырғаны атап көрсетілді. Мәлімдемеде Бахмут және Крамотрск бағытында өзара шабуылдардың жалғасқаны, бірақ Славянск, Авдеевка, Запорожье бағытында кейбір елді мекендерді басып алуға әрекеттенген орыс әскерлерінің сәтсіздікке ұшырап, шегінгені айтылды.

«Украинская правда» сайты орыс әскерлерінің Луганск аймағындағы 5 ірі шабуылына тойтарыс берілгенін, соғыстың 6 бағытта жалғасқанын хабарлады.

Донецк облысында шабуылдар салдарынан 2 бейбіт тұрғын қаза тауып, 19 жеке үй, мектеп ғимараты мен диірменге зақым келді.

Сондай-ақ Николайев бағытында ілгерілеп келе жатқан ресейлік әскерлердің Блаходат аймағында жартылай табысқа жеткені хабарланды.

Украина Бас штабының басқа бір мәлімдемесіне қарағанда соңғы 24 сағатта соғыста 200-ден астам ресейлік сарбаз қаза тапты. Осылайша соғыс басталғалы бері қаза тапқан орыс жауынгерлерінің саны 45400-ге жетті.

Сондай-ақ Ресейге тиесілі 234 ұшақ, 198 тікұшақ, 1917 танк, 4230 брондалған техника, 266 зымырандық жүйе, 145 әуе қорғаныс жүйесі және 815 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурызда жасаған мәлімдемеде Украинада 1351 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар