Йеменде жай түсу салдарынан 13 адам қаза тапты

Хадж және Амран қалаларында жай түсу салдарынан 21 адам жарақат алды.

1870728
Йеменде жай түсу салдарынан 13 адам қаза тапты

Йеменнің солтүстігіндегі Хадж және Амран қалаларында жай түсу салдарынан соңғы 24 сағатта 13 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды.

SABA ақпарат агенттігі Хадж қаласының әртүрлі аймақтарында жай түсу салдарынан 7 адамның қаза тауып, 8 адамның жараланғанын хабарлады.

'September Net' парақшасында Амран қаласында көңіл айту рәсімі кезінде түскен жай салдарынан 6 әйелдің қаза тауып, 13 әйелдің жарақат алғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар