Украина армиясы бір шабуылдың алдын алды

Харьковтегі шабуылдан кейін аза тұту жарияланды.

1870100
Украина армиясы бір шабуылдың алдын алды

Украина Бас штабы Ресей армиясының Донецк аймағындағы шабуылдарының алдын алғанын хабарлады.

Армия соңғы 24 сағаттағы қақтығыстар мен Ресей армиясының шығыны туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге сәйкес Ресей армиясы негізінен Донецк облысында 400 сарбазынан айырылды. 24 ақпан мен 19 тамыз аралығында Украинада барлығы 44 700 орыс әскері залалсыздандырылды.

Осы кезеңде Ресейге тиесілі 234 ұшақ, 197 тікұшақ, 1899 танк, 4 мың 195 броньды техника, 1016 зеңбірек, 266 зымыран тасығыш және 141 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Мәлімдемеде Ресей күштерінің 3130 көлік, 15 кеме, жеңіл жылдамдықты қайық және 795 ұшқышсыз ұшқыш аппаратынан айырылғаны, орыстар ұшырған 190 қанатты зымыранды да Украина әуе қорғанысы бөлімшелерінің жойғаны атап көрсетілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурызда жасаған мәлімдемеде Украинада 1351 орыс әскерінің қаза тапқанын жариялады, бірақ зардап шеккендер туралы деректерді кейіннен жаңартпады.

Украина Бас штабының басқа бір мәлімдемесінде Донецк аймағында қақтығыстардың күшейгені, бірақ барлық шабуылдарды Украина армиясының алдын алғаны айтылды.

Донецк губернаторы Павел Кириленко Ресей армиясының шабуылдары салдарынан соңғы 24 сағатта 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Днепропетровска губернаторы Валентин Резниченко Ресей армиясының зымырандық шабуылынан 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 1 баланың жараланғанын білдірді.

Харьков губернаторы Олег Синегубов та таңертең Ресей армиясы ұшырған кем дегенде 5 зымыран қалаға тиіп, оқу орындарының бірінде күзетші әйелдің қаза тапқанын хабарлады.

Басқа жағынан Ресей армиясының кеше Харьковте жасаған зымырандық шабуылында 10 адамның қаза болуы себепті аза тұту жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар