Францияның Корсика аралындағы дауылда 3 адам қаза тапты

Корсика аралындағы қатты дауылдың салдарынан 3 адам қаза тапты.

1869600
Францияның Корсика аралындағы дауылда 3 адам қаза тапты

Францияның Жерорта теңізіндегі Корсика аралындағы қатты дауылдың салдарынан 3 адам қаза тапты.

Француз метеорологиялық агенттігі (Метео-Франция) бүгін таңертең қатты дауыл мен су тасқынына байланысты Корсика аралында қызғылт сары дабыл берді. Жылдамдығы сағатына 224 шақырымға жеткен қатты жел мен жауын-шашын аралға кері әсер етті.

Сагоне және Балань аймақтарындағы лагерьлер мен Коджиядағы Лиамоне жағажайында қатты жел қиратқан ағаштар 3 адамның өліміне және 12-нің жарақат алуына себеп болды.

Аралдың батыс жағалауында су астында қалған немесе аударылған қайықтарды құтқару операциясы жалғасуда.

Аралдағы 45 мыңға жуық үйдің жарығы өшті.

Метеорологтар Корсика аралындағы желдің күшінің 4 баллдық дауылға тең екенін хабарлады.

«Метео-Франция» қатты жел мен жаңбыр әсерін жоғалтқаннан кейін қызғылт сары дабылдың күшін жойды.



Ұқсас жаңалықтар