Макрон Зеленскиймен сөйлесті

Макрон Ресей әскерін Украинадағы Запорожье атом электр станциясынан шығаруға шақырды.

1868808
Макрон Зеленскиймен сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей әскерін Украинадағы Запорожье атом электр станциясынан шығаруға шақырды.

Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда, Франция президенті Эммануэль Макрон Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімесі барысында Макрон Запорожье атом электр стансасына қатысты алаңдаушылығын білдіріп, стансаның қауіпсіздігі үшін ресейлік әскерилерді осы жерден шығаруға шақырды.

«Екі ел басшысы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылатын украиндық астықты экспорттау мәселесін де талқылады» деп айтылды мәлімдемеде.



Ұқсас жаңалықтар