Латвиялық министр: "Түркияның қорғаныс өнеркәсібі қызықтырады"

Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич түрік баспасөзіне мәлімдеме жасады.

1869071
Латвиялық министр: "Түркияның қорғаныс өнеркәсібі қызықтырады"

Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич елінің Түркияның «пилотсыз әуе көлігі» саласына үлкен қызығушылық танытқанын білдірді.

Эдгарс Ринкевич түрік баспасөзіне мәлімдеме жасады.

Елінің түрік қорғаныс өнеркәсібімен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытқанын атап көрсеткен Ринкевич «Қорғаныс министрлігіміз де кейбір жеткізу мүмкіндіктерін іздестіруде» деді.

Ринкевич Латвия Қорғаныс министрі Артис Пабрикстің «Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көліктерін сынауға мүдделі екенін білдірді.

Түркияның қандай қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің қызығушылық танытқаны туралы қойған сұрағына Ринкевич «Пилотсыз әуе көлігі салаңызға қызығушылығымыз өте жоғары» деді.

Латвия қорғаныс өнеркәсібі мен түрік қорғаныс өнеркәсібі арасында байланыс орнату талпынысы бар екеніне назар аударған Ринкевич «Әріптестеріміздің Түркия өндірген әртүрлі оқ-дәріні жақын қадағалап жатқанын да білемін» деді.

Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықтың басқа да салаларына тоқталған латвиялық министр олардың «кибер қорғаныс» және «кибер қауіпсіздік» салалары екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар