Конашенков Ресейдің Украинадағы әскери қимыл-әрекеті туралы мәлімдеді

Конашенков: "Соғыс басталған күннен бері Украинаға тиесілі 4 мың 334 танк пен броньды техника жойылды".

1869187
Конашенков Ресейдің Украинадағы әскери қимыл-әрекеті туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Игорь Конашенков соғыс басталған күннен бері Украина армиясына тиесілі 4 мың 334 танк пен броньды техниканың жойылғанын мәлімдеді.

Игорь Конашенков орыс әскери күштерінің 24 ақпан күннен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысындағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Ресей армиясының Украинадағы қарулы күштерге бағытталған шабуылдарын жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков Украина армиясының «ауыр» шығынға ұшырағанын алға тартты.

Херсон аймағында 40 украин әскері мен 10 арнайы көліктің жойылғанын атап көрсеткен Конашенков Донецк аймағында болса оқ-дәрі қоймасына бағытталған жоғары дәлдіктегі қарумен жасалған шабуылда 3 мыңнан астам зеңбіректің жойылып, 30 сарбаздың өлтірілгенін алға тартты.

Ресей мәлімдемешісі соңғы 24 сағатта 9 штаб орталығы, 9 оқ-дәрі қоймасын атқылап 4 пилотсыз әуе көлігін құлатқандарын атап «Украинада бүгінге дейін 267 әскери ұшақ, 148 тікұшақ, 1 мың 747 пилотсыз әуе көлігі, 365 әуе қорғанысының зымырандық жүйесі, 4 мың 334 танк пен броньды техника, 799 көп ұңғылы зымыран, 3 мың 310 гаубица мен миномет, 4 мың 922 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар