Путин 8-ші Халықаралық әскери-техникалық форумда үн қатты

Путин: "Әскери авиациядан пилотсыз әуе көліктеріне дейін ең заманауи қаруларды ұсынуға дайынбыз".

1868325
Путин 8-ші Халықаралық әскери-техникалық форумда үн қатты

Ресей президенті Владимир Путин Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерімен берік қарым-қатынастарға мән бергендерін атап, «Еліміздің әртүрлі құрлықта көптеген одақтасы, серіктесі және ұқсас пікірлерге ие достары бар екеніне қуанамыз. Бұл елдер гегемония алдында бас имейтін мемлекеттер» деді.

Путин Мәскеуде 21 тамыз күніне дейін жалғасатын «Армия» тақырыпты 8-ші Халықаралық әскери-техникалық форумның ашылуында үн қатты.

Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастықты қазір одан ауқымды әрі жан-жақты дамуын жақтайтынын тілге тиек еткен Путин мұндай ынтымақтастықтардың қазіргі таңда күн өткен сайын қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдік тәртіпте бұрынғыдан да маңызды бола бастағанын атап көрсетті.

Путин Ресейдің көптеген одақтасы болуын құптағанын атап «Еліміздің әртүрлі құрлықта көптеген одақтасы, серіктесі және ұқсас пікірлерге ие достары бар екеніне қуанамыз. Бұл елдер гегемония алдында бас имейтін мемлекеттер» деді.

Аталмыш елдердің тәуелсіз бір жолмен жүре алатынын тілге тиек еткен Путин «Олар егеменді, дербес даму жолын таңдайды. Олар халықаралық құқықты, өзара жауапкершілікті және бір-бірінің мүдделерін ескере отырып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуді қалайды. Осылайша көпполярлы әлемнің сақталуына ықпал етеді» деді.

Ресейдің әсіресе Латын Америкасы, Азия және Африка елдерімен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өткен Владимир Путин «Біз Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерімен берік, достық және шынайы сенімді қарым-қатынастарды шын жүректен бағалаймыз. Одақтастарымыз бен серіктестерімізге атыс қаруынан брондалған көліктер мен артиллерияға, әскери авиациядан пилотсыз әуе көліктеріне дейін ең заманауи қаруларды ұсынуға дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар