Пәкістанда мұнай танкері мен автобус соқтығысты

Жол апаты салдарынан 20 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

1868277
Пәкістанда мұнай танкері мен автобус соқтығысты

Пәкістанның Бахавалпур қаласы маңында мұнай танкері мен автобустың соқтығысуы салдарынан 20 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша Лахордан Карачиге бағыт алған жолаушылар автобусы Бахавалпур қаласы маңында мұнай тиелген танкермен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 20 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Апаттан кейін аймаққа көптеген өрт сөндіру тобы мен жедел жәрдем көлігі жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар