Қырымдағы әскери қойманың саботаж нәтижесінде жарылғаны білдірілді

Ресей Қорғаныс министрлігі Қырымдағы жарылыс туралы мәлімдеді.

1868597
Қырымдағы әскери қойманың саботаж нәтижесінде жарылғаны білдірілді

Ресей заңсыз аннексиялап алған Қырымның Джанкөй аймағындағы әскери қойманың «саботаж» салдарынан жарылғаны білдірілді.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі «Джанкөй елді мекенінің маңындағы әскери қойма саботаж нәтижесінде зақымданған. Оқиғада азаматтық инфрақұрылым, электр станциясы, теміржол және азаматтық үйлерге зиян келді» делінді.

Мәлімдемеде саботаж салдарын жою үшін қажетті шаралар қабылданғаны атап көрсетілді.

Сондай-ақ оқиғада 2 адамның жараланғаны да айтылды.

Министрліктен Қырымның Джанкөй аймағындағы Майское ауылы маңындағы бір әскери бөлімге тиесілі оқ-дәрілер уақытша сақталған аймақта шыққан өрт салдарынан оқ-дәрілердің жарылғанын хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар