Британдық барлау ұшағы орыс шекарасын бұзды

Ресей Қорғаныс министрлігі Баренц теңізі үстінде бір әуе нысанының анықталғанын мәлімдеді.

1868249
Британдық барлау ұшағы орыс шекарасын бұзды

Ресей қорғаныс министрлігі британдық «RC-135» барлау ұшағының ел шекарасын бұзғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Баренц теңізі үстінде бір әуе нысанының Ресей қорғаныс жүйесі тарапынан анықталғаны атап көрсетілді.

Осыдан кейін орыс «Миг-31БМ» әскери ұшағының көтерілгені білдірілген мәлімдемеде «Аталмыш нысананың Ұлыбритания әуе күштеріне тиесілі «RC-135» электронды барлау және әскери ұшағы екені анықталды. Бұл ұшақ Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын «Святой Нос» аймағында бұзды» делінді.

Мәлімдемеде әуе қорғаныс күштерінің британдық әскери ұшақты Ресей жерінен шығуға мәжбүрлегені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар