Жаңа Зеландия украин сарбаздарды оқытатын командасына қызметкер жібереді

Джакинда Ардерн украиндық сарбаздарды оқыту үшін Ұлыбританияға тағы 120 қызметкер жіберілетінін мәлімдеді.

1867916
Жаңа Зеландия украин сарбаздарды оқытатын командасына қызметкер жібереді

Жаңа Зеландия Ұлыбританиядағы украиндық сарбаздарды оқытатын командасына тағы 120 қызметкер жібереді.

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн Киевтің өзін қорғай алуы үшін халықаралық жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды.

Джакинда Ардерн осы жұмыстар аясында украиндық сарбаздарды оқыту үшін Ұлыбританияға тағы 120 қызметкер жіберілетінін мәлімдеді.

«Отаны мен халқын Ресейдің әділетсіз шабуылына қарсы қорғаған Украинаның» сұрауына жауап берудің жалғасатынын атап көрсеткен Ардерн Украинаның басымдылығының сарбаздарын оқыту екенін білдірді.

Ардерн Жаңа Зеландияның Украинаның сұранысына жауап беретін елдермен ынтымақтастықта болғанын мақтан тұтатынын білдірді.

Жаңа Зеландияның Қорғаныс министрі Пини Хенаре Жаңа Зеландия қызметкерлері Украина әскерлерін Ұлыбританияда оқытатынын және Украинаға кірмейтінін хабарлады. Мамыр айында Веллингтон әкімшілігі украин сарбаздарын оқыту үшін Ұлыбританияға 30 қызметкерін жіберген еді.

Ұлыбритания, Нидерланды, Канада және Жаңа Зеландияның әскери мамандары Ұлыбританияда ондаған мың украиндық сарбазды оқу-жаттығудан өткізуде.



Ұқсас жаңалықтар