Васков: "10 кемеге украин астық өнімін тиеу жоспарланып отыр"

Украина Инфрақұрылым министрінің орынбасары Юрий Васков мәлімдеме жасады.

1867999
Васков: "10 кемеге украин астық өнімін тиеу жоспарланып отыр"

Украина Инфрақұрылым министрінің орынбасары Юрий Васков айдың соңына дейін кем дегенде тағы 10 кемеге астық өнімін тиеу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Юрий Васков 14 тамыз күні кешке Одесса портына кірген «Сара» кемесіне 8 мың тонна жүгері, «Эфе» кемесіне 7 мың 500 тонна май тиелетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Украина порттарында барлығы 6 кеменің тиелгенін атап көрсеткен Васков «Дәнді дақыл дәлізі іске қосылған екі аптаның ішінде 9 елге жарты миллион тоннаға жуық украин астық өнімдерін жеткізу үшін Украина порттарынан 16 кеме шықты» деді.

Васков айдың соңына дейін кем дегенде тағы 10 кемеге астық өнімін тиеу жоспарланып отырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар