Ресей Украинаға шабуылдарын арттырды

Николайев қаласына жасалған шабуыл салдарынан қаладағы бір оқу орнының ғимараты зақымданған.

1867987
Ресей Украинаға шабуылдарын арттырды

Украинаның Донецк аймағында Ресейдің қарқынды шабуылдарының жалғасқаны, аймақта соңғы 24 сағатта 3 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны және 13 адамның жараланғаны хабарланды.

«Украинская правда» парақшасының елдің әскери аймақтық басқармаларынан түскен ақпаратына қарағанда кеше түнде Николайев қаласына жасалған шабуыл салдарынан қаладағы бір оқу орнының ғимараты зақымданған.

Суми аймағында кеше күні бойы жалғасқан бомбалы шабуылдар таңертең қайта басталса, түнде Ресейдің Харьков аймағындағы Белгород шекарасынан 10-нан астам зымыран атылды.

Днепропетровск аймағында Синельниковский мен Никополь қалалары Ресейдің «град» зымырандарымен атылды, бір орыс зымыраны болса украин армиясы тарапынан залалсыздандырылды.

Ресейдің соңғы 24 сағатта Донецк аймағын қарқынды түрде атқылауды жалғастырғаны, әсіресе Бахмут, Николаевка, Угледар, Авдеевка сияқты көптеген елді мекеннің «смерч», «град» және «С-300» зымырандарымен атқыланғаны хабарланды.

Шабуылдардың салдарынан Донецк облысында 3 бейбіт тұрғын қаза тапса, 13 адам жарақат алды, 3 пәтер мен 28 жер үйге зақым келді.

Ресей-Украина соғысындағы ең қызу қақтығыстар жалғасқан аймақтардың бірі Донбасс майданына жақын орналасқан Славянск қаласы да таңғы уақытта ресейлік күштердің шабуылына ұшырады.

Зымырандар Славянск қаласының әр жеріне құлап, мектептер, тұрғын үйлер және ғимараттарды зақымдады.

Басқа жақтан украин сайттарында орын алған жаңалықтарда 2019 жылы Украина Әуе күштерінің үздік ұшқышы болып таңдалған Антон Листопадтың Ресеймен соғыста қаза тапқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар