Нидерландыға эвакуациялануды күтіп отырған әлі көп адам бар

496 адамның 256-сы әлі де Ауғанстаннан шыға алмаған.

1868083
Нидерландыға эвакуациялануды күтіп отырған әлі көп адам бар

Ауғанстаннан Нидерландыға эвакуациялануды күтіп тұрған тағы 496 адамның бар екені жарияланды.

Нидерланды Сыртқы істер министрі Вопке Хоекстра Талибанның Ауғанстандағы билігінің бірінші жылына байланысты Нидерландия Парламентіне жасаған жазбаша мәлімдемесінде Нидерландыға жеткізілуді күтіп тұрған 496 ауған азаматы бар екенін білдірді.

2021 жылдың шілдесінен бері Ауғанстаннан Нидерландыға 2299 адамның жеткізілгені білдірілген мәлімдемеде эвакуациялануды күтіп тұрған 496 адамның 256-сының әлі де Ауғанстаннан шыға алмағаны, қалғандарының көрші елдерден Нидерландыға жеткізілуді күтіп отырғаны атап өтілді.

Эвакуацияны күтіп отырғандардың көпшілігі - Ауғанстандағы түрлі голланд миссияларында күзетші және аудармашы болып қызмет ететін жергілікті жұмысшылар мен олардың отбасылары.



Ұқсас жаңалықтар