Испаниядағы орман өрті салдарынан 1 мың 300 адам эвакуацияланды

Арагон жергілікті үкіметі 8 елді-мекеннен 1 мың 300 тұрғынның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

1867680
Испаниядағы орман өрті салдарынан 1 мың 300 адам эвакуацияланды

Испанияның солтүстік батысындағы Арагон аймағындағы орман өртіне байланысты 1 мың 300 адам эвакуацияланды.

Арагон жергілікті үкіметі жасаған мәлімдемеде Сарагосаның Анон-де-Монкайо ауданында 13 тамыз күні басталған орман өртінің қатты жел және аптап ыстық ауа-райы салдарынан одан әрі тарап жалғасқаны атап көрсетілді.

Өртке байланысты қауіпсіздік шаралары аясында 8 елді мекенде 1 мың 300-ге жуық тұрғын үйінен эвакуацияланды.

Үш бөлек жерде қырқынды өрбіген өрттің 8 мың гектарлық аумақты шарпығаны, 4 автожолдың көлік қозғалысына жабылғаны, сөндіру жұмыстарына араларында әскерлер де бар 300 адамнан тұратын бір топтың қатысқаны хабарланды.

Орман өрттері тұрғысынан тарихының ең жаман кезеңін бастан кешкен Испанияда ағымдағы жылы 7 мыңнан астам өрт шығып, 240 мың гектарлық аумақ өртенді.



Ұқсас жаңалықтар