Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің шығындарын жариялады

Украина Бахмут аймағында Ресей әскерімен қақтығыстың күшейгенін хабарлады.

1867220
Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің шығындарын жариялады

Украина Бас штаб басқармасы Донецктің Бахмут аймағында Ресей әскерімен қақтығыстың күшейгенін хабарлады.

Бас штаб соңғы 24 сағатта болған қақтығыстар мен Ресей армиясының шығыны туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда Ресей армиясы негізінен Донецк облысында 200 сарбазынан айырылды.

Соғыс басталған 24 ақпан мен 12 тамыз күндері аралығында залалсыздандырылған орыс әскерлерінің саны 43 мың 200 болды.

Осы кезеңде Ресейдің 233 әскери ұшағы, 191 тікұшақ, 1 мың 849 танк, 4 мың 108 броньды техника, 975 зеңбірек, 261 зымыран тасығыш және 136 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жойылды.

Мәлімдемеде Ресей күштерінің 3 мың 21 көлік, 15 кеме, жеңіл жылдамдықты қайық және 778 ұшқышсыз ұшқыш аппаратынан айырылғаны, орыстар атқылаған 185 қанатты зымыранның да Украина әуе қорғанысы бөлімшелері тарапынан атылып жойылғаны атап көрсетілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемесінде Украинада 1 мың 351 ресейлік сарбаздың қаза тапқанын жариялаған, бірақ зардап шеккендер туралы деректер кейіннен жаңартылмаған болатын.

Украина Бас штабының тағы бір мәлімдемесінде болса Донецкке қарасты Бахмут аймағында қақтығыстың күшейгені білдірілді.

Мәлімдемеде танк, артиллерия және ұшақтармен шабуыл жасаған ресейлік күштердің Горливка-Зайчев бағытында жартылай табысқа жеткені атап көрсетілді.

Украина билігінің мәліметінше, Ресей әскеріне қарсы соғыс жалғасып жатқанда, ресейліктер кейбір қалаларға зымыран шабуылы жасады.

Ресей күштері соңғы 24 сағатта Луганск аймағына 8 әуе шабуылы жасады.

Донецкке қарасты Краматорск қаласы болса Ресей күштері тарапынан 11 рет зымыранмен атқыланды. Мұндағы 3 үйге зақым келіп, адам шығыны тіркелмеді.

Кураховоға жасалған зымырандық шабуылда да алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 украиннің қаза тапқаны білдірілді.

Днепропетровскідегі Марганеч қаласына болса 40 шақты «Град» зымыраны атылды.



Ұқсас жаңалықтар