Ұлыбритания Украинаға одан да көп қару береді

Әскери қолдау Украина күштеріне «Ресей агрессиясынан қорғануды жалғастыруға және алыс қашықтыққа атылатын артиллерияны тойтаруға» мүмкіндік беретіні айтылған.

1866885
Ұлыбритания Украинаға одан да көп қару береді

Ұлыбритания Украинаға бірнеше зымыран жүйелері мен дәлдікпен атылатын зымырандар жеткізеді деп хабарланды.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Украина Қарулы күштеріне жыл басында берілген бірнеше зымырандық жүйенің сәтті пайдаланылуынан кейін осындай шешім қабылданғаны айтылды.

Қорғаныс министрі Бен Уоллестің сөзіне сілтеме жасаған мәлімдемеде жаңа әскери қолдау Украина күштеріне «Ресей агрессиясынан қорғануды жалғастыруға және алыс қашықтыққа атылатын артиллерияны тойтаруға» мүмкіндік беретіні айтылған.

Уоллес Ұлыбритания мен халықаралық қауымдастықтың осы  «заңсыз соғысқа» қарсы тұруды жалғастыратынын және «Украинаға басқыншылықтан қорғануға көмектесу үшін әскери көмек көрсететінін» айтты.

Бұл әскери көмек Ұлыбританияның Канада, Дания, Швеция, Финляндия және басқа елдер де көмек беретін 10 мыңға жуық украиналық сарбазды оқыту міндеттемесіне ықпал етеді.



Ұқсас жаңалықтар