Швецияда Солшыл партия депутаттарына PKK наразылығы

Дадгостар: "Депутаттарымыздың PKK-ны бейнелейтін шүберекпен суретке түсіп жариялауын құптамаймын".

1867169
Швецияда Солшыл партия депутаттарына PKK наразылығы

Швецияда Солшыл партия төрағасы Нооши Дадгостар партиясының депутаттарының PKK террор ұйымын бейнелейтін шүберекпен суретке түсуін құптамайтынын мәлімдеді.

Нооши Дадгостар «Афтонбладет» газетіне Висби қаласында 7 шілде күні солшыл партия депутаттары Даниел Риазат, Момоду Малком Джаллоу және Лорена Делгадо Варастың YPG/PKK террор ұйымын бейнелейтін шүберектермен суретке түсіп, әлеуметтік желідегі аккаунттарынан жариялауы туралы мәлімдеме жасады.

Нооши Дадгостар партиясының депутаттары жасаған бұл әрекетті құптамайтынын және өзінің мұндай бір әрекетке бармайтынын атап көрсетті.

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон солшыл партия депутаттарының террор ұйымын бейнелейтін шүберектермен суретке түсуін айыптады.

Магдалена Андерссон Швецияның ресми ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «PKK тек Швецияның емес, Еуроодақ елдерінің де террор ұйымы тізімінде. Бұл тумен суретке түсу өте орынсыз» деді.

Әділет және Ішкі істер министрі Морган Йохансон да Твиттердегі аккаунтынан жасаған хабарламасында PKK-ның қолында көптеген жазықсыз адамның қаны бар екенін атап, «PKK 1984 жылы Улоф Пальме үкіметі тарапынан террор ұйымы деп танылды» деген болатын.

Солшыл партия депутаттарының фотосуреттерін «қабылданбайды» деп бағалаған Йохансон Солшыл партияны PKK әрекеттерін тоқтатуға шақырған еді.



Ұқсас жаңалықтар