«Үлкен жетілік» елдерінен Ресейге Запорожье шақыруы

«Үлкен жетілік» елдері мен ЕО Ресей бақылауға алған Запорожье АЭС-ті дереу Украинаға қайтаруға шақырды.

1866505
«Үлкен жетілік» елдерінен Ресейге Запорожье шақыруы

«Үлкен жетілік» елдері мен Еуроодақ (ЕО) Ресей өз бақылауына алған Запорожье Атом энергетика стансасын дереу Украинаға қайтаруға шақырды.

«Үлкен жетілік» елдері Франция, Канада, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) сыртқы істер министрлері мен және ЕО бірлескен мәлімдемесінде Украинаға қарсы 24 ақпан күні соғыс бастаған Ресейдің айыпталғанын атап көрсетті.

Бірлескен мәлімдемеде «Ресей Украинаның халықаралық мойындаған аумағынан өз әскерлерін дереу шығарып, Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтеуге тиіс» делінді.

Ресейдің Запорожье атом электр станциясындағы бақылауының аймаққа қауіп төндіретіні баса айтылған мәлімдемеде «Ресей Украинаның Запорожье атом электр стансасы мен барлық ядролық қызметтерінің толық бақылауын дереу егеменді Украина мемлекетіне қайтаруы керек. Запорожье атом электр стансасын басқаратын Украина әкімшілігі өз міндеттерін қауіп-қатерсіз және қысымсыз орындауы тиісті» делінді.

Бірлескен мәлімдемеде Украинаның ядролық нысандарын басып алудың ядролық апат, Украина халқына қарсы қауіп-қатерге себеп болатыны және көрші елдер мен халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіретіні баса айтылды.

Ресейдің Украинаның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттерін қадағалайтын Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) жұмысын бұзғаны баса айтылған мәлімдемеде АҚХА директоры Рафаэль Мариано Гроссидің Украинадағы ядролық қауіпсіздік пен сақтықты арттыруға бағытталған талпыныстарын қолдайтындары айтылды.

Бірлескен мәлімдеме АҚХА лауазымдыларының өз міндеттерін орындауды жеңілдетуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар