Иран Мемлекет басшысы Пашинянмен телефонда сөйлесті

Иран Мемлекет басшысы елінің Кавказ шекарасындағы өзгерісті мойындамайтынын білдірді.

1866665
Иран Мемлекет басшысы Пашинянмен телефонда сөйлесті

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси елінің аймақтағы географиялық шекаралардың өзгеруін ешбір жағдайда мойындамайтынын атап көрсетті.

Иран президенттік аппаратының ресми парақшасына қарағанда Ибрагим Реиси Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екі елдің тарихи және терең қарым-қатынастарына ие екенін тілге тиек еткен Реиси Тегеран-Ереван арасындағы тұрақты экономикалық ынтымақтастықты арттыру қажеттігін баса айтты.

Кавказ аймағындағы соңғы қақтығыстарға тоқталған Реиси «Үштік атысты тоқтату жөніндегі декларацияға қол қойған елдердің (Әзербайжан-Армения-Ресей) келісім үкімдеріне бағынуы және қалған мәселелерді келіссөзбен және дипломатиялық жолдар арқылы шешуі, Кавказ аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең жақсы жолы. Иран аймақтағы географиялық шекаралардың өзгеруін ешбір жағдайда мойындамайды» деді.

Армения премьер-министрі Пашинян болса әңгімесінде «елінің Әзербайжанмен соңғы қақтығыстар туралы егжей-тегжейлі ақпарат бергені» атап көрсетілді.

Пашинян сондай-ақ Тегеран-Ереван қарым-қатынастарының дамуына ризашылығын тілге тиек етіп, екі ел арасындағы тауар транзитін жеңілдетуге, тас жолдар мен энергетика салаларына қоса инфрақұрылымдық салалардағы ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар