Буркина-Фасодағы террор шабуылында 15 әскер қаза тапты

Буркина-Фасода жолға орналастырылған минаға соқтығысқан әскери көлікке мінген 15 әскер қаза тапты.

1866640
Буркина-Фасодағы террор шабуылында 15 әскер қаза тапты

Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда сарбаздар мінген көлік Центр-Норд аймағындағы Бурзанга-Джибо елді мекенінде жолға орналастырылған минаға соқтығысты.

Оқиғадан кейін облысқа бет алған екінші бір әскери көлік сол аймақтағы минаға соғылды.

Екі оқиғада 15 сарбаз қаза тауып, 1 сарбаз жараланды.

Көрші ел Малидегі «Әл-Каида» мен ДАИШ террор ұйымдарымен байланысты террорист топтар 2015 жылдан бері Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді.

Үкімет деректеріне қарағанда, 2015 жылдан өткен желтоқсан айына дейінгі шабуылдарда 600-і қауіпсіздік қызметкері барлығы 2000 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар