АҚШ-та бір үйде болған жарылыста 3 адам қаза тапты

Индиана штатындағы Эвансвилл қаласында бір үйде болған жарылыс салдарынан 3 адам қаза тапты.

1866520
АҚШ-та бір үйде болған жарылыста 3 адам қаза тапты

Өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Майк Коннелли себебі қазірше анықталмаған жарылыстың салдарынан 40-қа жуық үйге зақым келгенін атап көрсетті.

Коннелли алғашқы анықтаулар бойынша жарылыста 3 адамның қаза тапқанын және бұл санның артуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Зақымдалған ғимараттарға кірудің қауіпті екені жарияланып, жарылысқа қатысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар