"Соғыс Қырымды азат етумен аяқталуы керек"

Новофедоровка әскери әуе базасында болған жарылыстардан кейін Украина президенті Зеленский жаңа мәлімдеме жасады.

1865916
"Соғыс Қырымды азат етумен аяқталуы керек"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей-Украина соғысы Қырымнан басталып, Қырымды азат етумен аяқталуы керек деп мәлімдеді.

Ресей аннексиялаған Қырымдағы Ресейдің Новофедоровка әскери әуе базасында болған жарылыстардан кейін Украина президенті Зеленский жаңа мәлімдеме жасады.

Зеленский өз еліндегі соғыс Қырымнан басталғанын айтты. "Қырым Украинаныкі. Біз Қырымнан ешқашан бас тартпаймыз. Ресей-Украина соғысы Қырымнан басталды, ол Қырымды азат етумен аяқталуы керек" деді ол.

Донбасс аймағында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар ұлғайып барады.  Ресей аннексиялаған Қырымдағы Ресейдің Новофедоровка әскери әуе базасында қатарынан 7 рет жарылыс естіліп, жарылыстан бір адамның қаза тапқаны жарияланды.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар