Ресеймен бірлесіп спутник өндіреді

Иса Зарепур Ресейдің кеше Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырған «Хайям» жер серігі туралы ақпарат берді.

1866188
Ресеймен бірлесіп спутник өндіреді

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Иса Зарепур Ресеймен бірлескен спутник өндірісін бастайтындарын айтты.

Иранның ресми ақпарат агенттігі «IRNA-ның» хабарлауынша, ел астанасы Тегеранда баспасөз мәслихатын өткізген Иса Зарепур Ресейдің кеше Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырған «Хайям» жер серігі туралы ақпарат берді.

Зарепур спутниктің орбитаға 500 километр қашықтықта орналасқанын және осы уақытқа дейін спутниктен 4 рет сигнал алынғанын білдірді. Жер серігін Иран атынан Ресей шығарғанын атап көрсеткен Зарепур "Хайям" спутнигін ұшыру бойынша ресейлік тараппен 400 сағаттан астам келіссөздер жүргізілді. Біз бұл жер серігінің екінші, үшінші және төртінші нұсқасын шығару үшін Ресеймен бірлескен өндіріс желісін құрамыз" деді.

Иран ғарыш агенттігінің президенті Хасан Саларие де «Хайям» спутнигі «тыңшылық» үшін пайдаланылады деген уәждердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Хайям – табиғи ресурстарды басқару, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында пайдалану үшін стандарттарға сай әзірленген және жасалған өлшеу серігі» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар