Ресей мұнайын Украина арқылы тасымалдау тоқтатылды

Ресей мұнайын Украина арқылы Еуропаға жеткізу қызметінің тоқтатылғаны білдірілді.

1865649
Ресей мұнайын Украина арқылы тасымалдау тоқтатылды

Ресей «Транснефть» мұнай құбыры компаниясының жазбаша мәлімдемесінде Ресей мұнайын Украина арқылы Венгрия, Словакия және Чехияға тасымалдайтын «Дружба» желісінің оңтүстік тармағы үшін «Укртранснафта» компаниясына алдын ала төлем жасау керектігі атап көрсетілді.

Аталмыш жеткізу қызметі үшін «Укртранснафта» компаниясына жасалған соңғы алдын ала төлемдердің «Транснефтьке» қайтарылғанына орын берілген мәлімдемеде төлемдердің Еуроодақ салған санкциялар себепті жүзеге асырыла алмағанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Укртранснафтаның» қажетті төлемдер жүзеге аспағаны себепті «Транснефть» компаниясына жүк тасымалдау қызметін тоқтатқаны және осыған байланысты орыс мұнайын Украина арқылы Венгрия, Словакия және Чехияға жөнелтуінің 4 тамыз күнінен бастап тоқтатылғаны білдірілді.

Компанияның «Дружба» құбыр желісінің басқа тармақтарында тасымалдау қызметінің жалғасып жатқаны, Беларусь арқылы Польша мен Германияға жөнелтуде еш қиындық жоқ екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар