Пәкістанда әскери керуенге жанкешті шабуыл жасалды

Везиристандағы жанкешті шабуылда 4 сарбаз қаза тапты.

1865405
Пәкістанда әскери керуенге жанкешті шабуыл жасалды

Везирстанның солтүстік аймағында әскери керуенге жасалған жанкешті шабуылда 4 сарбаз қаза тапты.

Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде Мир Али аймағында әскери керуен өтіп бара жатқанда жанкешті шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Лауазымдылар шабуылда 4 әскердің қаза тапқанын мәлімдеді.

Премьер-министр Шахбаз Шариф Твиттердегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде шабуылды айыптап, елінің террор қаупін жоюға бел байлағанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар